Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жұлдызды соғыстар: Эпизод VI - Күштің оянуы
Star Wars: The Force Awakens
Фильмнің постері
Жанры

эпикалық ғарыштық опера

Режиссёрі

Дж. Дж. Абрамс

Продюсері

Кэтлин Кеннеди
Дж. Дж. Абрамс
Брайан Бёрк

Сценарийдің авторы

Лоуренс Кэздан
Дж. Дж. Абрамс
Майкл Арндт

Басты рөлдерде

Дэйзи Ридли
Джон Бойега
Оскар Айзек
Адам Драйвер
Энди Сёркис
Донал Глисон
Харрисон Форд
Кэрри Фишер
Марк Хэмилл

Операторы

Дэниел Миндел

Композиторы

Джон Уильямс

Кинокомпания

Lucasfilm
Bad Robot Productions
Truenorth Productions
Walt Disney Studios Motion Pictures

Ұзақтығы

136 мин

Бюджеті

$ 245 млн[1]

Кассалық түсімі

$ 2 068 223 624 [2]

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшынша

Шыққан жылы

2015

Алдыңғы фильм

Жұлдызды соғыстар: Эпизод VI - Джедайдың оралуы (Хронология желісі бойынша) Жұлдызды соғыстар: Эпизод III - Ситхтер кегі (Релиз күні бойынша)

Келесі фильм

Жұлдызды соғыстар: Эпизод VIII - Соңғы джедай

IMDb

ID 2488496

http://www.starwars.com/the-force-awakens

«Жұлдызды соғыстар: Эпизод VII - Күштің оянуы» (ағылш. Star Wars. Episode VII: The Force Awakens) — Lucasfilm және Bad Robot Productions бірлесіп шығарған, Лоуренс Кэздан мен Майкл Арндттың сценарийі бойынша түсірілген режиссёр Дж. Дж. Абрамстың эпикалық ғарыштық операсы. «Жұлдызды соғыстар»[3][4] сагасының және «Скайуокерлер сагасының» жетінші эпизоды. «Жұлдызды соғыстар: Эпизод VI - Джедайдың оралуы» фильмінің хронологиялық жалғасы және сиквелдер трилогиясының бастамасы. Бұл франшизадағы Джордж Лукастың сценарийінсіз және продюсерлік қатысуынсыз түсірілген алғашқы фильм.

Фильмнің тұсаукесері 2015 жылы 14 желтоқсанда Лос-Анджелесте, 15 желтоқсанда Лондонда өтті. Фильм прокатқа АҚШ-та 18 желтоқсанда, Қазақстанда 17 желтоқсанда шықты[5][6]. Фильмнің түсірілімі жайлы 2012 жылдың 30 қазанында[7] Walt Disney компаниясы Lucasfilm компаниясын сатып алғаннан кейін белгілі болды[8].

Фильм прокатта түсімдер бойынша тарихи рекордтар орнатты. Алғашқы уикендте АҚШ-та ($248 млн), әлемде ($529 млн)[9]; бар болғаны 12 күнде ($1 млрд) табыс тапты[9]. Фильм АҚШ пен Канадада ($936 млн) табыс жинап, Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмінің жергілікті прокаттағы рекордын жаңартты.[9][10][11][12]

Сюжет[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильм оқиғалары Империя құлағаннан 30 жылдан кейін басталады.Люк Скайуокер,соңғы джедай,із түссіз жоғалып кетеді.Империя күлінен Жаңа тәртіп атты жаңа түнек мемлекеті құрылады.Оны Түнек күшінің билеушісі Сноук,оның оң қолы - Кайло Рен басқарады.[9]

Рөлдерде[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақша дубляж[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Сәуле Тұрдақынова — Рэй
  • Шахмұрат Ордабаев — Финн
  • Самат Қордабай — По Дэмерон
  • Жасұлан Байсалбеков — Кайло Рен (Бен Соло)
  • Ислам Зейноллаев — бас қолбасшы Сноук
  • Бақытжан Жармұхамбетов — генерал Хакс
  • Бекболат Құрманғожаев — Хан Соло
  • Тынышгүл Сұлтанбердиева— генерал Лея Органа
  • Қайрат Мүкішев — C-3PO
  • Гүлназ Әуесбаева — Маз Каната
  • Ақмарал Әбдірахманова — капитан Фазма
  • Болат Ыбраев — Лор Сан Текка
  • Дубляж режиссері — Тимур Балымбетов
  • Аудармашы — Диана Сабазова
  • Мәтінді үйлестірушілер — Салтанат Дүнгенбаева, Тимур Балымбетов
  • Жоба менеджері — Айгүл Байбек
  • Жоба жетекшісі — Әсет Әбдуәлиев
  • Шығармашылық кеңесшісі— Сергей Пасов
  • Дыбыс операторы — Данияр Касымжанов
  • Дубляж жасаушы студия— «Aray Media Group»
  • Сәйкестендіру студиясы — «Shepperton International»
  • Қазақша нұсқасын шығарған — Disney Character Voices International, Inc.

Басқа рөлдерде[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Азамат Есқұлов
  • Зере Мерген
  • Алтынай Нөгербек
  • Жандәулет Батай
  • Мұрытжан Махмұт
  • Хазірет Төлегенов
  • Мирас Жақыпов

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Star Wars: The Force Awakens