Салауатты өмір салты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Денсаулық сақтау шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қимыл белсенділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

Организмді шынықтыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Организмді шынықтыру

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс толыққанды тамақтану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Жарақаттың алдын алу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жұқпалы аурулардың алдын алу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Зиянды әдеттерден алшақ болу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Экологияның денсаулыққа әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

Өмір салты және репродуктивті денсаулық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Семіздік, темекі шегу алкогольді тұтыну, кофеині бар газдалған сусындар (бірақ шай, кофе және какао емес)[1] ерлердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етеді.[2] Жүктілік кезіндегі алкогольді тұтыну, темекі шегу және темекі шегу жүктіліктің асқыну қаупін арттырады, оның ішінде өздігінен түсік түсіру[3] және ана мен нәресте үшін ДНҚ-ның зақымдалуына әкеледі.[4]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Elena Ricci, Paola Viganò, Sonia Cipriani, Edgardo Somigliana, Francesca Chiaffarino (2017-06-24). Coffee and caffeine intake and male infertility: a systematic review. doi:10.1186/s12937-017-0257-2. ISSN 1475-2891. PMC 5482951. PMID 28646871. 
  2. Beth L. Pineles, Edward Park, Jonathan M. Samet (2014-02-10). Systematic Review and Meta-Analysis of Miscarriage and Maternal Exposure to Tobacco Smoke During Pregnancy. p. 807—823. doi:10.1093/aje/kwt334. ISSN 0002-9262 1476-6256, 0002-9262. PMC 3969532. PMID 24518810. 
  3. Impact of age, clinical conditions, and lifestyle on routine semen parameters and sperm kinematics (22 сәуір 2017). Тексерілді, 14 қыркүйек 2017.
  4. Kátia Regina Carvalho de Assis, Marcelo Sady Plácido Ladeira, Roberta C.A. Bueno, Bruna F. dos Santos, Ivete Dalben (2009-09-14). Genotoxicity of cigarette smoking in maternal and newborn lymphocytes. Elsevier. p. 72—78. doi:10.1016/j.mrgentox.2009.02.006. ISSN 1383-5718. PMID 19773089. 
  • Әділханов А.С., Жаңабердиева К.А., Брусенко З.Г. - Ә-26 - "Алматыкітап" ААҚ, 2005.- 134 бет, суретті.